2023 жылдың 2 наурызында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасында оқушылардың филологиялық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың орыс тілі мен әдебиетін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру және нығайту.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Ізғали  Нұрымұлы Жұбантаев олимпиада қатысушыларына сәттілік тілеп алғы сөз сөйледі.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:                   

1.кезең: эссе жазу.                                   

2.кезең: орыс тілі мен әдебиеті бойынша тестілеу.                          

3.кезең: сұхбат. “Тілдердің үштұғырлығы: ауыл шаруашылығы” тақырыбындағы пікірталасқа қатысу

Олимпиада қорытындысы бойынша орыс және қазақ сыныптарына жеке-жеке орын бөлініп бірінші орындарды: Ж.Галиева (№35 мектеп-лицей оқушысы) Берік Ж. (№37 ЖОБМ оқушысы) иеленсе, екінші орындарға М.Айкоргенова (№11 мектеп-лицейінің оқушысы), А.Нұрбекова. Абай ат. мектеп-гимназиясының оқушысы), Н. Гимран (№6 мектеп оқушысы), Еремешева А. (Ақсай қ., №4 мектеп оқушысы) Ю. Наумова (№35 мектеп-лицей оқушысы) лайық деп танылды.

Үшінші орындарды Т.Байзуллина (№47 мектеп оқушысы), И.Яровая (Бумакөл мектеп- балабақшасы оқушысы), К.Қайратова (№11 мектеп-лицей оқушысы), Н.Төлеген (№37 мектеп оқушысы) бөлісті.                                           

Жүлдегерлер дипломдармен естелік сыйлықтармен, қалған қатысушылар алғыс хаттармен, сертификаттармен марапатталды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz