2022 жылының 02 ақпанында инженерлік-гуманитарлық факультетінде Педагогикалық шеберлік мектебі аясында Мұнай-газ ісі кафедрасының доценті, т.ғ.к. Қ.А. Ихсанов және аға оқытушы А.В. Ким бинарлық сабақ түрінде шеберлік-классын өткізді.
Бинарлық сабақ – пәндерді біріктіру және пәнаралық байланысты жүзеге асыру формаларының бірі. Бұл дәстүрлі емес сабақ түрі, оны дайындауға және өткізуге екі оқытушы қатысады.
Бинарлық сабақтың негізгі мақсаты – бар білімді жүйелеу және жалпылау, білім алушылардың оқытылатын материалды тұтас қабылдауын қалыптастыру.

