2025 жылдың 21-мамырында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институтында кәсіби бағдар беру бөлімінің ұйымдастырумен «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Бәйтерек, Казталов, Бөрлі, Сырым, Ақжайық, Қаратөбе, Жәнібек аудандары мен Орал қаласының мектептерінің кәсіби бағдар беру мамандары қатысты.
Білім және менеджмент институтының директоры Тасмагамбетов Асет Сембаевич шараны алғысөзбен ашып, оқушылардың жоғары оқу орнына түсу тәртібі мен ережесі туралы баяндады. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университететтің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың м.а. Машанова Самал Амангельдиевна қонақтарға университеттің тарихы мен құрылымы туралы презентация ұсынды, ал кафедра меңгерушілері институттағы білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат берді. Мектептердің кәсіби бағдар беру мамандары шара барысында сұрақтар қойып, өзекті мәселелер бойынша толық ақапарат алды. Шара соңында институт қонақтарына оқу ғимараты бойынша танымдық экскурсия өткізілді.




