Өткен сенбіде Орал қаласында «Біз – Жеңіс мұрагерлеріміз» атты акция бастау алған болатын. Оған Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушылар құрамы мен қатар студенттер белсене қатысты. Енді аталмыш акцияға орай БҚИТУ-дың еріктілер тобы осы жылдың соңына дейін күн сайын сағат 12.00-де «Бауырластар» зиратына гүл шоқтарын қойып, майдангерлер рухына тағзым ететін болады.