Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Әділгерей Зұлқаров пен «Jas Otan» Жастар қанаты БҚО филиалы төрағасының орынбасары Ерлік Шамғали Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің волонтерларымен кездесті.

Кездесуде  Әділгерей Зұлқаров өз еркімен волонтер боламын деуші жастар kaz.volunteer.kz сайтына тіркеліп, волонтерлер қатарына енуге мүмкіндіктері бар екенін айтты. Оның сөзінше, Республика бойынша белсенді, қайырымды жастардың қатарына қосылған еріктілерге Үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі.

 – Былтырғы жылы жастар жылының ашылуында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  Үкіметке волонтерлікпен айналысатын университет студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған болатын. Биылғы жыл «Волонтерлер» жылы екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Енді осыған орай қысқаша мәлімет айтып өтейін.  Жалпы, ерікті студенттер университет басшылығының келісімімен кез келген мекемеде волонтер болып өзінің ыңғайы келетін жұмысты істеуіне болады. Бұл тұрғыда сіздер 20 сағаттық (20 мың теңге) немесе 50 сағаттық  (50 мың теңге) жұмыс уақытын таңдайсыздар, – деді Әділгерей Сырымбетұлы.

Жиын барысында сондай-ақ  Ерлік Шамғали «Jas Otan»-ның өңірімізде атқарып жатқан жұмыстарын тілге тиек етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz