2026 жылғы 15 қаңтарда Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасында ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және жетілдіру мәселелеріне арналған ғылыми семинар өтті.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы шеңберінде іске асырылып жатқан ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырыстары бойынша орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары және өндірістік сектормен ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Аспиранттар мен докторанттардың ғылыми тақырыптары, кафедраның бастамашыл ғылыми бағыттары, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының ғылыми басылымдардағы жарияланымдары бойынша мәселелерге ерекше назар аударылды.

Семинар қорытындысы бойынша кафедраның ғылыми қызметін одан әрі дамытуға бағытталған басым бағыттар айқындалып, гранттық және жобалық жұмысты жандандыру жөніндегі ұсыныстар қабылданды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz