2025 жылдың 26-27 тамызы аралығында Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінде «Электрмен жабдықтау жүйелерінің өзекті мәселелері» атты V Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті.
Конференция жұмысына Салалық технологиялар институтының Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Садыкова Ляззат Анатольевна қатысып, Батыс Қазақстан облысындағы электрмен жабдықтау мәселелеріне арналған баяндама жасады.
Конференцияның негізгі мақсаты – цифрландыру, экологиялық сын-қатерлер және төмен көміртекті экономикаға көшу жағдайында электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін, энергия тиімділігін және тұрақтылығын арттыруға қатысты ғылыми және қолданбалы мәселелерді талқылау болды.
Іс-шара барысында электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайлы жобалау және пайдалану, электр энергиясының сапасын қамтамасыз ету, интеллектуалды технологиялар мен цифрлық шешімдерді энергетика саласына енгізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, жаңа буын инженер кадрларын даярлау тақырыбына ерекше назар аударылды.

