«Сәулет және құрылыс» кафедрасының білім алушылары үшін «Тәуелсіз елдің ертеңі – білімді ұрпақ» тақырыбында эдвайзерлік тәрбие сағат ұйымдастырылды. Оның мақсаты – Білім алушылардың елге деген ықыласын күшейту, Қазақстанның жетістіктеріне деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Тарихи ой-сана қалыптастырып, тәуелсіздіктің маңызын құрметтеуге үйрету.

Іс-шара барысында 1986 жылғы Қазақстанның тәуелсіздікке жетудегі негізгі тарихи кезеңдері баяндалды. «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты сюжет көрсетілді.

Эдвайзерлік тәрбие сағат соңында білім алушылар – Отанымыздың ұлылығын сезінді. Әрқайсысы Қазақстанды жүректеріңде мақтан тұтып, оны қорғап, дамытуға үлес қосатынына сенемін.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz