18.03.2025ж. Мұнай газ-инженериясы кафедрасында, НД-32О топ эдвайзері Тулемисова С.С. «Ұлттық қазақ киімі» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізді.
Эдвайзерлік сағат барысында студенттер дәстүрлі қазақ киімінің тарихымен және ерекшеліктерімен танысты. Киімнің әрбір элементінің мағынасы, ою-өрнектері мен символикасы туралы қызықты мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ ұлттық киімнің қазіргі мәдениеттегі орны мен оның күнделікті өмірге бейімделуі де талқыланды.
Студенттер тақырыпқа ерекше қызығушылық танытып, қазақ дәстүрлері туралы өз білімдерімен бөлісті. Сонымен қатар, қазіргі сән үрдістерінің ұлттық стильге әсері жайлы пікір алмасты.


