2026 жылғы 16 наурызда энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары Batys Hub алаңында өткен «AI NAURYZ Workshop» практикалық бағыттағы воркшопқа қатысты.

Іс-шара ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр тақырыбында цифрлық контент жасау үшін жасанды интеллект құралдарын қолдануға арналды. Қатысушылар шығармашылық және білім беру қызметінде AI технологияларын енгізудің жаңа тәсілдерімен танысты.

Воркшоп барысында келесі бағыттар қарастырылды:
– AI құралдары арқылы видео және анимация жасау;
– Grok, Gemini, Reprompt және Kling сияқты заманауи сервистермен жұмыс;
– тиімді промпт жазудың құрылымы мен негізгі принциптері;
– жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз әрі тиімді пайдалану мәселелері.

Іс-шара барысында ұлттық мәдени құндылықтар мен заманауи цифрлық технологияларды үйлестіруге ерекше назар аударылды. Бұл қатысушыларға білім беру мен медиаконтент саласындағы AI мүмкіндіктерін жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік берді.

Аталған воркшопқа қатысу студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға, цифрлық құзыреттіліктерін арттыруға және кәсіби қызметте жасанды интеллектті қолдануға деген қызығушылығын күшейтуге ықпал етті.

ЭАжЕТ кафедрасы заманауи білім беру тәжірибелерін белсенді түрде енгізіп, білім алушылардың өзекті ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысуын қолдауды жалғастыруда.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz