БҚИТУ Инженерлік-гуманитарлық факультетінің Техника және технологиялар кафедрасының 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» және 6В06102 «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламалары бойынша 1-3 курс білім алушылары «IT Group Operating» ЖШС-да таныстыру экскурсиясында болды.
Білім алушыларды «IT Group Operating» ЖШС атқарушы директоры Ж.М.Джакупова қарсы алып, ол білім алушыларды компанияның кеңсесімен, веб-әзірлеу саласындағы қызметтер кешенімен таныстырды.
«IT Group Operating» ЖШС веб-әзірлеу нарығында 18 жыл жұмыс істейді. Компания Интернет және интранет сайттарына қызмет көрсетуге, Yandex және Google іздеу жүйелерінде сайттарды ілгерілетуге, веб-технологиялар негізінде жұмыс істейтін мамандандырылған бағдарламаларды жасауға және енгізуге, дайын шешімдер негізінде эксклюзивті әрі қымбат емес сайттарды әзірлеуге маманданған.
Сондай-ақ, «IT Group Operating» ЖШС техникалық директоры Н.Мещеряков білім алушыларды компанияның өнімділік сайттарын құру құралдарымен таныстырып, компания пайдаланатын озық құралдар туралы айтып берді.
Білім алушыларға экскурсия өте ұнады.