БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультеті басшылығының қолдауымен 2022 жылдың 21-22 сәуірінде экология және биотехнология кафедрасының “Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі” білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 3 және 4 курс студенттері Проказов Николай, Сеньковец Вероника (БЖД-42), Гилманов Ғани (БЖД-31) оффлайн-форматта өткен “Өрт қауіпсіздігі” бағыты бойынша Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде XIV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты
Ғылыми жетекшісі – экология және биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Толеуова Раушангүл Нұрланқызы.
Николай кезекті рет білім беру бағдарламасының пәндері бойынша жақсы теориялық және практикалық дайындық көрсетті және жүлделі III орынды иеленді! Қалған қатысушылар олимпиадаға қатысқаны туралы алғыс хатпен марапаттады.
Біздің студенттер мен ғылыми жетекшімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Тек қана биік белестерден көріне берулеріңізді тілейміз!
Экология және би отехнология кафедрасы