2025 жылғы 18 қаңтарда БҚИТУ салалық технологиялар институтының «Ветеринария және техносфера қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры, ветеринария ғылымдарының кандидаты, Днекешев А.К.  басшылығымен «Оперативтік хирургия» пәні аясында «Ірі малдардағы телязиозды тірі диагностикалаудың жетілдірілген әдісі ретінде көз блокадасын жүргізудің анатомиялық негіздемесі» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды. Іс-шара БҚИТУ-нің ветеринариялық клиникасының 204 аудиториясында өткен және интерактивті тақта, плакаттар және сиырдың бас қанкасы анатомиялық препараты қолданылды.  

Осы мастер-класстың мақсаты ірі малдарда ретробульбарлық блокаданы жүргізу техникасымен таныстырып, оны анатомиялық препаратта көрсету болды. Бұл әдіс телязиозды диагностикалаудың жетілдірілген тәсілі ретінде салыстырмалы тұрғыда қарастырылды. Ірі малдардағы көз қуысының сүйек құрылымын анатомиялық және краниометриялық зерттеу нәтижесінде ретробульбарлық блокада кезінде инъекциялық ине енгізудің нақты бағыты мен тереңдігі анықталды. Сабақ барысында осы техниканы көрсету жүргізілді, нәтижесінде 3-4 курс студенттері блокаданың анатомиялық ориентирлері мен ерекшеліктерімен жақсы танысты.

Өткізілген мастер-класс ретробульбарлық блокаданың ірі малдардағы телязиозды тірі диагностикалаудың жетілдірілген әдісі ретінде жоғары тиімділігін растайды. Бұл әдіс малдарды тексеру процесін айтарлықтай жеңілдетіп, диагноз қою дәлдігін арттырады, бұл ауруды уақтылы және тиімді емдеуге ықпал етеді. Осы тәсілді ветеринарлық практикада енгізу ірі малдардың диагностикасы мен ветеринарлық қызмет көрсету деңгейін айтарлықтай жақсарта алады. Мастер-класс қатысушылары алынған білімдердің практикалық маңыздылығын атап өтті және осындай лекцияларды мастер-класс түрінде әрі қарай өткізуге қызығушылық білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz