БҚИТУ салалық технологиялар институтында академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру бойынша практикалық қадамдар жасалуда. Халықаралық кеңістікке интеграция білім алушылардың академиялық ұтқырлығының өсуін көздейді. Еңбек нарығында ішкі және сыртқы сұранысқа ие маманның тұлғасын қалыптастырудың маңызды факторы болып табылады. Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету үшін серіктес жоғары оқу орындарымен екі жақты келісімдер қолданылады. Сонымен қатар, білім алушылар отандық жоғары оқу орындарында семестрлік оқудан өтеді. Бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға қатысу үшін жақын шетелден ғалымдар шақырылады. Білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу ережелерін түсіндіру, сондай-ақ шетелде оқу мүмкіндігі туралы ақпараттық кездесу ұйымдастырылады. Биылғы оқу жылында ПОҚ-ның академиялық ұтқырлық жоспары іске асырылуда, сондықтан ресейлік және отандық жоғары оқу орындарының шақырылған ғалымдары институт білім алушыларына сабақ өткізеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz