Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде “16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні” мерекесіне орай футзалдан Ұлттық студенттер лигасына іріктеу турнирінің ашылуы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында студент жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, студенттер арасындағы достықты нығайту және Ұлттық студенттер лигасына командаларды іріктеу мақсатында өткізілді.
Турнирге Білім және менеджмент институты мен Салалық технологиялар институтының құрама командалары қатысты. Әр команда жоғары дайындық, шеберлік және ұйымшылдық танытып, тартысты ойын көрсетті.
Жарыс нәтижесі төмендегідей болды:
- 1 орын – Дене шынықтыру және спорт БББ-ның ДШжС – 411 командасы
- 2 орын – Дене шынықтыру және спорт БББ-ның ДШжС – 311 командасы
- 3 орын – Салалық технологиялар институтының құрама командасы
Жарыстың үздік ойыншылары да анықталды:
- Үздік ойыншы – Сармергенұлы Мейірлан (ДШжС-411 командасы)
- Үздік шабуылшы – Жұмабай Жасқанат (ДШжС-311 командасы)
- Үздік қорғаушы – Ахметқали Мейіржан (Салалық технологиялар институты командасы)
- Үздік қақпашы – Амангелді Елдос (ПОД-111 командасы)
«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған футзалдан Ұлттық студенттер лигасына іріктеу турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студент жастардың спорттық белсенділігін арттыруға және оқу орындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосты. Турнир барысында командалар жоғары дайындықтарын, ойынға деген құлшыныстарын және жанкештілік танытып, тартысты әрі мазмұнды ойындар көрсетті.
Жарыс нәтижесінде үздік ойын өрнегін көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар Ұлттық студенттер лигасында университетіміздің намысын қорғайтын болады. Сонымен қатар турнир барысында ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталып, олардың жеке шеберліктері атап өтілді.


