Іскерлік ойын «Бизнесті ұйымдастыру формалары» 2022 жылдың 24 қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің «Білім беруді цифрландыру: қазіргі заман талабы» әдістемелік апталығы аясында э.ғ.м., экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы, Б.А.Уразованың жетекшілігімен өтті. Ойынға «Менеджмент», «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Қаржы», «Туризм» ББ  II курс студенттері қатысты.

Іскерлік ойын экономикада бар бизнесті ұйымдастыру формаларына арналған. Іскерлік ойын студенттерге бәсекелестік ортада өз компаниясын ашудың бірегей мүмкіндігін береді, яғни нақты бизнес әлемі имитацияланады.

Студенттер бизнестің қай түрі, экономиканың қай саласында және қандай нысанда өз ісін ашқысы келетінін айтты. Кәсіпкерліктің әрбір нысанының артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды.

Іскерлік ойын студенттердің әлеуметтік-коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz