Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде бір апта бойы Тұңғыш Президент күніне арналған түрлі іс-шаралар өткізілді.
Атап айтар болсақ, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында брейн-ринг интеллектулдық ойыны, университет оқытушылары мен студенттер арасында үстел теннисінен жарыс, «Өткен мен болашақ бір көшбасшымен» атты көрме және т.с.с. шаралар ұйымдастырылды.
«Елім деп соққан жүрегі» атты шара қорытындысында БҚИТУ-дың ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан Ғабдуалиева бүгінгі бейбіт күніміз елбасының ерен еңбегі екенін айтып өтіп, облыстық, республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп, университет атын шығарып жүрген студенттерге алғыс хат пен диплом табыстады.
Әрі қарай шара концерттік бағдарламаға ұласты.
