2024 жылдың 8-сәуірінде БҚИТУ Білім және менеджмент инстиутында БҚО бойынша Дін істері басқармасының теолог мамандарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс мақсаты – білім алушыларға дін бойынша ақпарат беру, сауатсыздықтан діни ұйымдарға кіру қаупін болдырмау және теріс діни ағымдардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кездесу барысында теолог мамандар Сафиуллин Жансұлтан Талғатұлы, Абдувалинов Дастан Өмірұлы сөз сөйлеп, экстремизм мен терроризмнің мемлекет пен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіріп отырғандығын айта келе, жастарды жат ағымдардан аулақ болып, білім мен ғылымға барлық күштері мен уақыттарын арнай отырып, адамгершілікке, саналы азаматтар болуға шақырды. Сонымен қатар студенттерге дін мәселесі туралы сұрақтар туындаған жағдайда, жауап ақпаратты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ресми сайттарынан іздеу қажеттігі ескертілді.

