Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде белсенді кәсіптік бағдар беру жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың 4 қарашасында Салалық технологиялар институтының маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасы «Приречный жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Теректі ауданы БҚО түлектеріне болашақ мамандығын таңдауға көмектесу мақсатында Zoom платформасы арқылы онлайн-кеңес ұйымдастырды.
Кездесу барысында маркетинг және жоғарғы оқуға дейінгі дайындық басқармасының басшысы мен мамандары қатысушыларды бағдарламаның оқу бағыттарымен, білім беру бағдарламасының ерекшеліктерімен, қабылдау талаптарымен, грант бойынша оқуға түсу мүмкіндіктерімен таныстырды. Жұмыспен қамту перспективаларына, академиялық ұтқырлыққа және одан әрі кәсіби өсуге ерекше назар аударылды.
Онлайн кездесу форматы әртүрлі аймақтардағы үміткерлерге барлық қажетті ақпаратты алуға, сұрақтар қоюға және оқу саласын таңдау бойынша жеке ұсыныстар алуға мүмкіндік береді.
БҚИТУ сапалы білім мен табысты мансапқа ұмтылатындардың барлығына ашық!

