2023 жылдың 15 ақпанында жалпы білім беру пәндер кафедрасы «Батыс Қазақстанның археологиялық ескерткіштері» тақырыбында дәріс өткізді. Студенттер алдында тарих ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы БҚУ профессоры Мұрат Наурызғалиұлы Сдықов сөз сөйледі. Аталған іс-шараға профессор-оқытушылар құрамының өкілдері және «Сәулет», «Мұнай-газ ісі», «Электр энергетикасы», «Стандарттау, сертификаттау», «Құқықтану», «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты. Дәріс жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізіліп, студенттердің қызығушылығын тудырды. Алдағы уақытта осындай дәрістерді жиі өткізуге ниет білдірілді.

