2023 жылғы 14-15 ақпан аралығында 6В07201 Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша Мұнай-газ ісі кафедрасы БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінде олимпиаданың 1 туры өтті.

Олимпиаданың негізгі міндеттері: Білім алушылардың өз бетінше кәсіби қызметке қабілеттілігін тексеру, кәсіби міндеттерді тиімді шешу дағдыларын жетілдіру, кәсіби ойлауды дамыту, өз қызметін жобалау және кәсіби қызметтегі қателіктерді сындарлы талдау қабілеті, болашақ кәсіби қызметке қызығушылықты арттыру болып табылады.

Олимпиаданың 1 туры 2-кезеңде өтті: 1 – кезең тест тапсырмалары түрінде; 2-кезең-билеттер бойынша (логикалық және практикалық есептерді шешу). Студенттер пәндер бойынша жақсы теориялық білім көрсетті. Олимпиада соңында жүлделі орындар бөлінді. Олимпиаданың 1 турын өткізуге жауапты аға оқытушылар Калешева Г.Е., Утеева Т. Н.

Студенттерді жеңіске деген ұмтылысы мен жоғары кәсіби көрсеткіштері үшін құттықтаймыз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.