Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшылығымен “Білім беруді жаңғырту” жобасының “Педагогикалық білім моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту” мақсатында ұйымдастырған онлайн семинарға Білім және менеджмент институтынан 35 ПОҚ қатынасты.

Семинар онлайн форматта Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде барлық өңірлік университеттерінің ПОҚ қатынасуымен шетелдік финдік ғалымдар және Назарбаев зияркерлік мектебінің эксперттік кеңесінің басшылығымен ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты:

  • Педагогикалық білімнің студенттерге бағытталған және құзыреттілік тәсілдерін қолдау үшін көшбасшылық дағдыларды дамыту;
  • Инновациялық жобалық ПБ шеңберінде силлабустарды әзірлеу;
  • Үздік халықаралық тәжірибелерді анықтау және бейімдеу;
  • Өзінің кәсіби ұстанымы мен біліміне рефлексия жасау.

Семинар барысында жалпы педагогикалық қағидаттар және әмбебап тақырыптар ретінде құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламасы; белсенді оқытуға ықпал ететін студентке бағытталған тәсіл мен әдістер; сындарлы келісу; зерттеулерге негізделген педагогикалық білім; пәнаралық оқыту; білім берудегі цифрландыру және педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту; инклюзивті білім беру және білім алушылардың әртүрлі санаттарын қабылдау; педагогтардың кәсіби дамуы және өзгерістерді басқару қарастырылды.

Семинарда теориялық біліммен қатар практикалық тапсырмаларды орындау, белсенді жаңа технологияларды пайдалану, жаңа білім беру платформаларын үйрету жүргізілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz