Білім сапасы апталығы аясында эстетикалық бағыттағы гимназияның ағылшын тілі мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, шетел тілдер және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Ахтаров Мирхат Жанболатұлы «Artificial Intelligence in Education: Opportunities and Prospects» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Іс-шараның мақсаты – педагогтардың цифрлық құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ оларды заманауи жасанды интеллект құралдарымен таныстыру болды. Атап айтқанда: ChatGPT, Kidgeni AI, Copilot, Styler AI және Suno AI платформалары қарастырылды.
Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллектінің оқыту, бағалау және инклюзивті білім берудегі мүмкіндіктерін зерттеп, педагогикалық тәжірибеде ИИ технологияларын қолданудың практикалық дағдыларын меңгерді.

