2023 жылдың 20-қараша күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні науқанының аясында медицина қызметкерлері БҚИТУ студенттерімен кездесу өткізді.

Қазіргі таңда АИТВ инфекциясын жұқтырып тіркелгендер саны, әсіресе жастар арасында күн санап көбеюде. Аталмыш инфекцияға қарсы алдын ала егетін вакцина немесе адам ағзасын вирустан толық тазартатын дәрілер табылған жоқ. Жасөспірімдер мен жастардың АИТВ-инфекциясы және оның адам өміріне әсері туралыхабардарлығын арттыру, стигма мен кемістушілікті жою, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмір сүру сапасын арттыру маңызды болып табылады.

Кездесу барысында жастар орталығының меңгерушісі, дәрігер Нигметова Гульнара Сарсенғалиевна «ЖИТС–тің алдын алу» туралы видеоролик көрсетіп, мазмұнды дәріс оқыды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz