2026 жылғы 1-қарашада Павлодар қаласындағы «Астана» спорт сарайында аралас жекпе-жектен (MMA) NAIZA 86 кәсіби турнирі өтті.
Аталған жарысқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Темірлан Абдрахманов қатысты.
Жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Темірлан Абдрахманов қарсыласы Ернар Тарғынды жекпе-жектің екінші раундында, 3 минут 11 секундта нокаутпен жеңіп, жоғары спорттық шеберлігін көрсетті.
Студентімізді жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы спорттық мансабына сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
