2026 жылдың 29-30 қазаны аралығында университетте Республика күніне орай студенттер (ерлер) арасында футзалдан Студенттер лигасына іріктеу турнирі өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, футзалға деген қызығушылықты арттыру, студенттердің спорттық шеберлігін шыңдау және Студенттер лигасына қатысатын үздік команданы анықтау.
Аталған турнирге университеттің 7 командасы қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – ФКС-111 командасы; 2-орын – ФКС-411 командасы; 3-орын – ФКС-112 командасы.
Жарыстың келесі үздік ойыншылары арнайы номинациялармен марапатталды:
• «Үздік қақпашы» – Максимов Мансур (ФКС-112);
• «Үздік қорғаушы» – Турдалиев Рахим (ФКС-111);
• «Үздік шабуылшы» – Сағын Жігер (ФКС-311);
• «Үздік ойыншы» – Шүйншалиев Ахмад (ФКС-111).
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер, сондай-ақ арнайы номинация иегерлері дипломдармен және грамоталармен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz