2025 жылдың 31 қазаны мен 2 қарашасы аралығында София қаласында (Болгария) World Shotokan Federation аясында каратэ шотоканнан Әлем чемпионаты өтті. БҚИТУ-дың 4 курс студенті Алиманова Мадина (6В01401 – Дене шынықтыру және спорт БББ, ФКС-421 тобы) 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде каратэ шотоканнан әлем чемпионы атанды (кумитэ бөлімі).
Алиманова Мадина – Қазақстан Республикасының спорт шебері, қара белбеу (1 дан) иегері, Қазақстанның, Орталық Азияның және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, ТМД елдерінің I Ойындарының қола жүлдегері, БРИКС Ойындарының қола жүлдегері, каратэ-додан Қазақстан Республикасы студенттері арасындағы XIII жазғы Универсиаданың күміс жүлдегері.
Мадинаны әлем чемпионатындағы алтын медалімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!

