2026 жылғы 3–4 қараша күндері Жезқазған қаласында өткен ел біріншілігінде Дене шынықтыру және спорт бағдарламасының 2-курс студенті Айсұлу Сарсенова +78 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, жоғары спорттық шеберлігі мен қайсар мінезінің арқасында қола жүлдеге қол жеткізді.
Бұл – спортшы мен бапкерлерінің табандылығы, тынымсыз еңбегі мен жеңіске деген жігерінің жемісі.
Айсұлу Сарсенованы дзюдодан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі III орын иеленуімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, оқуда толағай табыс, спорттық мансабында жаңа белестер мен алдағы жарыстарда жарқын жеңістер тілейміз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz