БҚИТУ СТИ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары «Жұмысшы мамандықтар – экономиканы дамытатын қозғаушы күш» ұранымен өткен Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.
Іс-шара үкімет пен салалық министрліктердің өкілдерін, ірі Ресейлік және Қазақстандық компаниялардың басшылары мен мамандарын, инвесторларды, сарапшылар мен жетекші ЖОО өкілдерін біріктірді.
Форум аясында оқытушылар «Агроөнеркәсіптік кешен – азық-түлік қауіпсіздігі үшін кадрлар» панельдік сессиясына қатысып, кәсіби кадрларды даярлаудың өзекті мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Орынбор мемлекеттік аграрлық университеті ғалымдарының делегациясымен сәтті кездесулер өтіп, олардың барысында ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың келешектегі перспективалары қаралды.


