2026 жылғы 3 қарашада М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің Башқұрт филологиясы факультеті мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институты, Түркітану және Алтайтану халықаралық ғылыми орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен, сондай-ақ БҚИТУ магистратура бөлімінің маманы А.Ә.Майданованың ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға екі жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, аспиранттары, магистранттары мен студенттері қатысты.

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясындағы маңызды бағыттардың бірі – БҚИТУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын магистранттарының М. Ақмолла атындағы БМПУ-де ғылыми тағылымдамадан өтуі болды. Тағылымдама барысында магистранттар университеттің ғылыми-білім беру ортасымен танысып, ғылыми семинарларға қатысып, ғылыми жетекшілерімен бірлесе отырып, түркі халықтарының тілі, мәдениеті мен әдебиетіне қатысты салыстырмалы зерттеу материалдарын қарастырды.

Семинардың ашылуында М. Ақмолла атындағы БМПУ Башқұрт филологиясы факультетінің деканы Л.М. Хусаинова және БҚИТУ стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректоры А.С. Мұханбетқалиев қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, екі университет арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Семинар барысында қазақ және башқұрт халықтарының тілдік, мәдени ұқсастықтары, сөйлеу құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер және екі халық әдебиетіндегі ұлттық таным мен мифопоэтикалық үлгілерді салыстырмалы тұрғыда зерттеу мәселелері талқыланды.

Онлайн-семинар барысында аспиранттар А.К. Қанатова, А.С. Асылбақов, магистранттар А.С. Жақыпжанова, Ж.Н. Қусаинова (ғылыми жетекші: ф.ғ.д., проф. Сабыр М.Б.), Р.М. Ихсангалиева (ғылыми жетекші: ф.ғ.к., қауым. проф. Раманова А.А.), студенттер Э. Мұхаметдинова, Г.И. Исхужина өздерінің ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылды.

Іс-шара мазмұнды ғылыми пікірталас пен тәжірибе алмасу алаңына айналып, екі жоғары оқу орны арасындағы халықаралық ғылыми және академиялық байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

Аталған семинар мен ғылыми тағылымдама екі бауырлас халықтың тарихи-мәдени ортақтығын тереңірек тануға, ғылыми зерттеулердің өзекті бағыттарын дамытуға және жоғары оқу орындары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz