2025 жылдың 20 қараша күні БҚИТУ СТИ – дің  6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі БББ 2-курс білім алушылары үшін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасынан арнайы маманның қатысуымен мазмұнды қонақ дәріс ұйымдастырылды. «Азаматтарды өрттен қорғау» тақырыбында дәрісті №7 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Рустам Масқарұлы Жирентаев жүргізді.

Өндіріс маманы өрт қауіпсіздігінің өзекті талаптарын, тұрмыстық және өндірістік жағдайларда жиі кездесетін қатерлерді, өрттің таралу динамикасын, алғашқы минуттарда дұрыс әрекет етудің маңызын нақты мысалдармен көрсетті.

Сонымен қатар дәріс барысында азаматтық қорғау жүйесінің құрылымы, өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысы, құтқару қызметтерінің өзара іс-қимылы, халықты эвакуациялау ережелері және төтенше жағдай кезіндегі психологиялық тұрақтылық мәселелері қозғалды. Рустам Масқарұлы өзінің кәсіби тәжірибесінен алынған нақты оқиғалар туралы мысалдар келтіріп, төтенше жағдайлар кезінде шешім қабылдау жылдамдығы мен командадағы үйлесімділіктің қаншалықты маңызды екендігін атап өтті. Білім алушылар маманға көптеген сұрақтар қойып, өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі, арнайы техниканың жұмысы, қызметтік дайындық деңгейі және қауіпсіздік стандарттарының халықаралық талаптарымен сәйкестігі туралы қосымша ақпарат алды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz