2025 жылғы 3–14 қараша аралығында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушылары Нариков К. А., Аманова Б. Н., Тауышов О. У. және Избасова Г. Ш. AutoCAD курсы бойынша оқудан өтті.
AutoCAD курсын өтудегі мақсат – 2D сызбаларын құру қағидаларын меңгеру, негізгі және кеңейтілген өңдеу командаларын оқу, сондай-ақ ЕСКД талаптарына сәйкес техникалық құжаттарды рәсімдеу дағдыларын игеру болды.
Оқу барысында AutoCAD бағдарламасының заманауи нұсқалары пайдаланылып, өзекті құралдармен және заманауи жобалау әдістерімен танысуға мүмкіндік берілді.
AutoCAD курсынан өту кәсіби деңгейде орындалған 2D сызбаларын өз бетінше жасауға қажетті білім мен құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Алынған дағдыларды оқу тапсырмаларын орындауда, нақты өндірістік жобаларда да тиімді қолдануға болады.