Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Білім берудегі цифрлық технологиялар – кадрларды кәсіби даярлау сапасын арттыру факторы ретінде» сапа апталығы аясында қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны — тоғызқұмалақтан «Қазақтың ұлттық ойындары: ойна да, үйрен!» шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, логикалық ойлау қабілетін дамыту және тоғызқұмалақ ойынының әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Шеберлік сабағын облыстық деңгейдегі тәжірибелі спортшы, тоғызқұмалақ шебері Кенжегалиев Бектас Қарабайұлы, 7М01401 Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының магистранттары Табылдиев Ильяс Жигитаевич және Закарин Жанболат Набиуллиевич өткізді. Сабақ барысында қатысушылар ойынның тарихымен, ережелерімен және тактикалық тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар, тәжірибелік бөлімде студенттер өзара сайысқа түсіп, шебердің кеңестері мен талдаулары арқылы өз ойын дағдыларын жетілдірді.
Осындай танымдық және тәрбиелік мәні зор іс-шаралар университет қабырғасында жүйелі түрде өткізіліп келеді және ұлттық спорт түрлерін насихаттауға үлкен үлес қосуда.

