18 қыркүйекте ЗКИТУ ИОТ комплаенс қызметі студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында бірінші курс студенттеріне арналған «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер мен жаңа міндеттер» тақырыбында іс-шара өткізді. Іс-шара ЗКИТУ мен БҚО Полиция департаменті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында полиция қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараның модераторы – ИОТ комплаенс қызметінің басшысы, запастағы полиция полковнигі, Құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Т.Х. Рахметов іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды таныстырды. Олардың қатарында ЗКИТУ құрылтайшысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор А.К. Бозымова, ИОТ директоры, профессор, техника ғылымдарының кандидаты Б.А. Биляшева, Полицияның құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары К.Е. Халелов, Абай полиция бөлімінің қоғамдық тәртіпті қорғау бөлімінің бастығы, полиция майоры Н.Б. Темиршев, есірткі құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Б.А. Тугелов, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры А.Т. Джангабаев, Абай полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы М.К. Нуркатова және осы бөлімшенің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты К. Хамитов, сондай-ақ ЗКИТУ ИОТ Архитектура және құрылыс кафедрасының оқытушылары мен бірінші курс студенттері болдыМодератор өз сөзінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасында Әділетті Қазақстанды құру идеясы, заң мен тәртіп қағидаттары, адам мен азаматтың құқықтары мен міндеттерін мүлтіксіз сақтау, ғылым мен білімге, технологиялардың дамуына және жалпы өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлу бағыттарының бекітілгенін атап өтті. «Заң мен тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас негізі», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев.

Студенттер алдында сөз сөйлеген полиция қызметкерлері профилактикалық мақсатта қолданыстағы қылмыстық және әкімшілік заңнаманы және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар, киберқұқық бұзушылықтар, қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу, буллинг пен сталкинг үшін жауапкершілікті түсіндірді. Олар аталған құқық бұзушылықтардың өңіріміздегі жастар, кәмелетке толмағандар және студенттер тарапынан жасалуына қатысты мысалдар келтірді. Осы тақырыптар бойынша бейнероликтер көрсетіліп, студенттер мен оқытушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді. ИОТ академиялық қызмет жөніндегі директоры, биология ғылымдарының кандидаты А.К. Джубалиева өз сөзінде білім алушылардың оқуға адал көзқараста болуы, Академиялық адалдық қағидаларын, ЗКИТУ Студенттер кодексін, ЗКИТУ-дағы тәртіп ережелерін және жатақханада тұру ережелерін сақтауы, сондай-ақ бір-біріне және профессор-оқытушылар құрамына құрметпен қарауы қажеттігіне назар аударды.

Іс-шара соңында ЗКИТУ құрылтайшысы А.К. Бозымова бірінші курс студенттеріне оқуында жоғары жетістіктерге жетуін, университетте өтетін ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуын, еліміздің заңға бағынатын және тәртіпті азаматтары болуын тіледі. Сонымен қатар Полиция департаментінің қызметкерлеріне белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz