2025 жылдың 3 желтоқсанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Индустриялық технологиялар институты 1 курс студенттері арасында Қазақстан тарихы пәнінен жыл сайынғы олимпиадасын өткізді.

6 кезеңнен тұратын олимпиада қорытындысы бойынша: үй тапсырмасы (презентация), еркін тақырып, шешендік өнер, қара жәшік, блиц, капитандық сайыс – олимпиадаға қатысушы барлық 6 команданың капитандары («Кек алар», «Өрлеу», «Алаш ұрпақтары», «Алаш рухы», «Мәңгілік» «Шың»), арасынан ең тапқыр зиялылар анықталды.

Қазақстан тарихы бойынша олимпиадаға қатысушылардың білім деңгейі блиц-сауалнама арқылы да көрсетілді.

Нәтижесінде «Алаш урпақтары» командасы әділетті жеңіске жетті, екінші орында «Өрлеу», үшінші орында «Мәңгілік ел». «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Ерланова Азиза, AРХ-13O тобы; Баеитов Әлішер, AРХ-12O тобы; Өтегенова Айжан, AРХ-16O тобы атап өтілді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz