2022 жылдың 25 қазан күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігімен Ұлттық мереке – Республика күніне орай Тұңғыш Президент алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті. Аталмыш іс-шара барысында Облыс әкімі Ғали Есқали жиынға қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатымен марапаттады. Іс-шараға қолдау көрсетуге БҚИТУ білім алушылары мен және Инженерлік-гуманитарлық факультетінің жалпы білім беру кафедрасының эдвайзері Кушумова Алия Максотовна жетекшілігімен 6В07301 «Сәулет» білім алушылары қатысып, белсенділік танытты.

