2022 жылдың 15 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінде «Қазақстан еріктілер лигасы» төрағасы Бекқайров Нұрсұлтан Болатұлы, сондай-ақ «QAZAQSTAN JASTARY»ҚҚ төрайымы Бакытова Аяулым Оралқызының қатысуымен студенттермен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты волонтерлік және еріктілік мәселелеріне оң имидж қалыптастыру және назар аудару, волонтерлік қызметке қатысуға уәждемені арттыру және осы өңірде волонтерлік қызметті дамытуға жәрдем көрсету болып табылады.
«Қазақстан еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрағасы Бекқайров Нұрсұлтан өз сөзінде Қазақстан еріктілер лигасының көпқырлы қызметі туралы, қоғамға пайдалы болғысы келетін және оларға мұқтаж азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсеткісі келетіндерді осы ұйымға мұқият іріктеу туралы айтып берді.

Кездесу барысында волонтерлер түрлі жобалармен таныстырды. Аталған жобалар ең алдымен жігерлі жастарды елге шын ниетімен адал қызмет етуге шақырды.
Студенттер «QAZAQSTAN JASTARY қоғамдық ұйымының жетекшісі Аяулым Оралқызына сұрақ қойып, түрлі тақырыпта пікірлесті. Ол өз кезегінде замандастарына жақсы білім алып, білікті маман атанудың қыр-сырын айтты. Ол Елбасының жастарды қолдау туралы айтқан бастамалары алға ұмтылуға қанат бітіретінін жеткізді.
Кездесу соңында студент жастар ұйым басшыларына алғысын жеткі¬зіп, олармен естелікке суретке түсті.