2022 жылдың 11 сәуірінде “ҚазҒЗВИ” ЖШС филиалының “Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринарлық стансиясына”тәжірибе экскурсиясы өндіріс орынында өткізілді.
“ҚазҒЗВИ”ЖШС филиалы “Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу ветеринарлық станциясына аға оқытушылар Жұбантаева Алтын Нұрымқызы, Тәжбаева Даурия Талапқызы, Құспанов Мирлан Есетұлы, Габиденова Гүлнұр Ғалымжанқызы басшылығымен 6В09103-Ветеринария білім беру бағдарламасының 1 курс білім алушыларына ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында білім алушылар жаңа ветеринариялық жабдықтармен танысып, оны ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларын диагностикалау мен емдеуде қолдану технологияларымен танысты.
“Батыс Қазақстан ветеринариялық ғылыми-зерттеу станциясы “ЖШС” ҚазҒЗВИ” филиалы республиканың ветеринария саласындағы жетекші ғылыми мекемесі және Қазақстанның барлық ветеринария ғылымының координаторы болып табылады.
Институт ғалымдары іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізедіжәне ғылыми-консультативтік және практикалық зерттеулер атқарады.