2025 жылғы 22–23 қараша күндері «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Auyl Jastary» өңірлік жастар форумы өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Салалық технологиялар институтының білім алушылары «Auyl» партиясының мүшелері қатысты.
Форум қатысушылары «Park Hotel» демалыс орталығында қарсы алынып, орналастырылды. Қонақтарға арнайы имидждік өнімдер табысталды. Командалық рухты арттыру мақсатында QUIZ ойыны мен «Motivation Talks» мотивациялық кездесуі ұйымдастырылды.
Екі күнге созылған форум жастарға жаңа мүмкіндіктер сыйлап, ерекше әсер қалдырды. 6В11301 – Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру БББ ОП-32О тобының білім алушысы Филлипов Данил сұхбат беріп, форум туралы өз пікірін бөлісті.

