2026 жылғы 16 қазанда 6В02301 «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының студенттері Орал қаласында өткен Қазақстандағы мұнай-газ машина жасау саласын дамыту форумына және Операторлардың ашық есік күніне (ТШО, NCOC, КПО, Silleno және KMG PetroChem) аудармашылар ретінде қатысты.
Іс-шараларды Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту жөніндегі халықаралық орталықпен (IMBC) бірлесіп ұйымдастырды.
Форумға қатысу студенттерге халықаралық іскерлік қарым-қатынас жағдайында кәсіби аударма дағдыларын тәжірибеде қолдануға, салалық терминологиямен, заманауи технологиялармен және отандық әрі шетелдік мұнай-газ компанияларының қызметімен танысуға мүмкіндік берді.
Алынған тәжірибе болашақ аудармашылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықтағы тіларалық коммуникацияның рөлін тереңірек түсінуіне ықпал етті.