2021 жылдың 9 сәуірі күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультеті ұйымдастыруымен «Қасым тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті. Белгілі ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына арналған дөңгелек үстелге профессор-оқытушы құрам  мен бірінші курс студенттері және осы кешке арнайы шақырылған құрметті қонақтар Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары филология ғылымдарының докторы, профессор Жандос Сұмағұлов пен филология ғылымдарының докторы, профессор Жансая Жарылғапов қатысты.

   Кездесу барысында Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы кеңінен сөз болып, ақынның Орал жылдары мен поэзиясындағы Орал образы жаңа көзқараспен зерттелуі қажеттігі айтылды. Екі университет арасында әріптестік байланыс орнатуға қол жеткізілді. Дөңгелек үстелге онлайн форматта оқып жүрген студенттер мен магистранттар қатысты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz