2025 жылдың 6 қарашасында, «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасының аға оқытушысы М.Қ.Қиікбаевтың жетекшілігімен НД–31 тобында «Газ–мұнай құбырлары» пәнінен «Табиғи газдың гидраттары және олармен күресу әдістері» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді.

Сабақтың басты ерекшелігі – дәстүрлі білім беруді заманауи цифрлық технологиялармен ұштастыруында болды. Оқыту үдерісінде интерактивті тақта, LearningApps, Quizizz сияқты платформалар белсенді пайдаланылып, студенттердің қызығушылығын арттырып, пәнге деген танымдық белсенділігін күшейтті.

Практикалық бөлімде студенттер нақты өндірістік жағдайларға ұқсас есептер шығарып, табиғи газ гидраттарының түзілу шарттарын, олармен күресудің химиялық және технологиялық әдістерін талқылады. Әрбір топ өз шешімін дәлелдеп, гидрат түзілуіне әсер ететін факторларды талдап көрсетті.

Сабақ барысында студенттер тек теориялық біліммен шектелмей, нақты инженерлік ойлау қабілетін шыңдады. Интерактивті әдістер арқылы өткен пікірталас пен тест тапсырмалары олардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.

Ашық сабақ соңында кафедра оқытушылары мен қатысқан ПОҚ мүшелері сабақтың мазмұны мен ұйымдастырылуына жоғары баға берді. Мұндай форматтағы тәжірибелік сабақтар білім алушылардың заманауи технологияларды игеруіне, инженерлік міндеттерді шешудегі логикалық және шығармашылық ойлауын дамытуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz