2025 жылғы 1 желтоқсанда  кафедра жоспарына сәйкес, ЮР-31О және ЮР-33О тобының студенттері үшін “Тергеу әрекеттері” тақырыбында БҚИТУ-нің аға оқытушысы Е.А.Карагойшиев ашық лекция сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты – сотқа деінгі тергеп-тексерудегі тергеу әрекеттерінің мәнін, олардың түрлерін, құқықтық негіздерін және жүргізу тәртібін студенттерге терең түсіндіру.

Лекция барысында төмендегі мәселелер қамтылды: тергеу әрекеттерінің ұғымы мен қылмыстық процесс жүйесіндегі рөлі; тергеу әрекеттерінің түрлері (жауап алу, тінту, тергеу эксперименті, тану, куәландыру және т.б.); әрбір тергеу әрекетінің құқықтық регламенті; ҚР ҚПК-нің талаптарына сәйкес тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикалық ерекшеліктері; практикалық кейстер мен шынайы істерден алынған жағдайлар талданды.

Сабақ интерактивті форматта ұйымдастырылды: студенттерге ситуациялық тапсырмалар ұсынылып, тергеу әрекеттерін жүргізу бойынша шешім қабылдау дағдылары пысықталды. Лекция соңында тыңдаушылар сұрақтар қойып, тақырып бойынша пікір алмасу өткізілді.

Ашық сабақ жоспарланған оқу мақсаттарына толық сәйкес өткізіліп, студенттердің кәсіби даярлығын арттыруға, теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға мүмкіндік берді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz