2025 жылдың 4 қарашасында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы Батыс Қазақстан салалық-технологиялық университетінің «Архитектура» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттеріне «Алаш Орданың Батыс бағыты» тақырыбында қонақтық дәріс ұйымдастырып, өткізді. Институт қонағы М.Өтемісов атындағы Батыс университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Байбулсинова Альфия Сабырғалиқызы болды. Дәрістің негізгі түйіндері: Алаш Орданың Батыс бөлімінің мөрі, Алаш Орданың Батыс бөлімінің туы, Жымпитыдағы Алашорда үйі. Дәріс барысында студенттер тақырып бойынша көптеген сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды. Білім беру технологиялары кафедрасы Альфия Сабырғалиқызына мазмұнды дәрісі үшін алғысын білдірді.

