2017 жылдың 20 қыркүйегінде Тілдер және менеджмент факультетінің студенттерімен «Тұрақтылық кепілі – қауіпсіздік жобасын іске асыру» тақырыбында діни мәселелерді зерттеу орталығы мамандарының қатысуымен кездесу болды. Кездесуге шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы Саратов Дамильбек Алиұлы және теолог маман Акимов Ринат қатысты.
Кездесуде Қазақстандағы діни жағдайдың ерекшелігі – діни ағымдардың әр алуандығы,теріс пиғылды діни ағымдар туралы айтылды. Студенттер келген қонақтарға сұрақтар қойып, оған толыққанды жауаптарын алды.


