2026 жылғы 7 сәуір күні СТИ Жалпы білім беру пәндер кафедрасы «Академик К.И. Сәтпаевтің еңбектері – отандық ғылым мен білімнің тұрақты дамуының іргетасы» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырып, өткізді. Бұл шара Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне арналды.  Конференцияның мақсаты – оқытушылардың кәсіби дамуын арттыру және студенттерді ғылымға тарту болды.

Конференция модераторы, Жалпы білім беру кафедрасының профессоры Н.М. Қадырғалиев құттықтау сөз сөйлеп, әріптестер мен студенттерді Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтады.   Содан кейін химиялық ғылымдар докторы профессор В.А. Бурахта «Университеттің зерттеу әлеуеті: оқытушылар мен студенттердің үлесі» атты презентация жасап, университет оқытушылары мен студенттерінің зерттеу қызметін баяндады.

Конференцияға «Архитектура», «Автоматтандыру және басқару», «Көлікті пайдалануды және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «Электр энергетикасы» және басқа да білім беру бағдарламаларының бірінші және екінші курс студенттері қатысты. 

Конференция соңында БҚИТУ жас ғалымдар кеңесінің төрайымы әрі Жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі Курманова Ж.Б. сөз алып, студенттердің жан-жақты дайындығын және конференция баяндамаларының мазмұндылығын атап өтіп, оларға оқуда табыс тіледі. Іс-шара жақсы ұйымдастырылып, жылы әрі достық атмосферада өтті, жаңа кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz