БҚИТУ-дың Салалық технологиялар институтының 6В04207 Сот-прокурорлық қызметі Білім беру бағдарламасы бойынша құқық кафедрасының жаңадан тағайындалған эдвайзері Г.К. Куатбек эдвайзерлік тобы СПД 11-О тобымен ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағат «Академиялық адалдық және Университеттің ішкі тәртіп ережесіне» арналды. Кураторлық сағатқа кафедрасы меңгерушісі Ж.К.Тулеугалиева қатысып түсіндірме жұмыстарын жүргізумен қатар білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Кредиттік технологиямен Платонус жүйесін пайдаланудың жолдары туралы нақты ақпараттармен таныстырды. Кездесу барысында бірінші курс білім алушыларын оқу ғимаратындағы арнайы кабинеттермен таныстырып олардың білім алуға, болашақта кәсіби заңгер болуға ынталарын оятты. Білім алаушыларда өздерінің таңдаған мамандықтарының қоғамда алатын орнының маңыздылығын сезінді. Кездесу соңында білім алушыларға оқу жылын сәтті аяқтау қажеттілігі туралы міндеттер жүктелді.

