Кәсіптік бағдар – мектеп оқушысының кәсіби өзін-өзі анықтауына бағытталған психологиялық-педагогикалық шаралар кешені.
Осыған орай, жастар мен мектеп оқушыларының арасында жеке тұлғаның кәсіби ниетін қалыптастыруды анықтайтын негізгі факторлардың бүкіл жүйесін терең білуге негізделуі тиіс мақсатты кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуге үлкен көңіл бөлу және оны жүзеге асыру қажет.
2024 жылдың 18 қазанында кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекші маманы Қ.Қ. Жанияров және көлік және технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Қ.Ж. Ғұбайдуллин Абай атындағы мектеп-гимназиясының (Дарьиян ауылы, Бәйтерек ауданы) оқушылары және мектеп оқушыларының ата-аналарына кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

