Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің “Текті ұрпақтар” пікір-сайыс клубы 2018 жылдын қазан айында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 55 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласындағы басымдылықтарды жүзеге асыру мақсатында 1-2 курс студенттері арасында оздырылған “Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы” атты облыстық пікірталас турниріне қатысқан болатын. Турнир нәтижесі бойынша 25 фракцияның ішінен 1/8 финалға біздің университеттен “Эксперт”, “Алтын girls”, “Фемида” фракциялары өткен болатын. Ал турнирдің қорытынды нәтижесі бойынша “Үздік спикер ” номинациясын “Текті ұрпақтар” ПК пікірсайысшысы Мирамбаев Жиенбай ұтып алды. Алғашқы рет қатысып, жүлделі орынға ие болған студенттерімізді университет әкімшілігі атынан құттықтаймыз.
Тәрбие және ұйымдастыру бөлімі


