Батыс Қазақстан облысының еңбек ұжымдары, жоғары оқу орындары және тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты түсіндіру және статистикалық ақпараттарды жеткізу мақсатында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде кездесулер кестесі жасақталып 21.01.2022 №9-1/214 бұйырығымен бекітілді.

Осыған байланысты, бекітілген кездесулер кестесіне сәйкес 2022 жылдың 29 наурыз күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының басшысы Б.М Хайруллинмен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекітті. Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге тұтастай алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сыбайлас жемқорлық экономикалық және беделі жағынан тиімсіз болатын жағдайларды жасауға бағытталған.

Хайруллин Біржан Марданұлы жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа назар аударылғандығы, әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша парақорлықтың үлкен үлесі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен байланысты екенін де атап өтіп, халық арасында пара беру жолының азаймағандығы туралы кеңінен сөз қозғап, ерекше тоқталды. Студенттерге бопсалау немесе қандай да бір заңсыз төлемдерді ұсыну қажет болған жағдайда, еліміздің әрбір азаматы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке» колл-орталықтың 1424 телефон нөмірі бойынша жүгініп, өзінің азаматтық борышын орындай алатындықтарын ескертті.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатқандығын жеткізді.

Іс-шара соңында ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz